• Кеңестік-диагностикалық орталық мынадай кәсіптік медициналық қызметті ұсынады:
    • Компьютерлік томография
    • Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)
    • Эхокардиография
    • Электрокардиограмма
    • Тәуліктік бақылау
    • Зертханалық диагностика
    Консультациялық бөлімше:
    • Кардиолог
    • Кардиолог-аритмолог
    • Эндокринолог
    • Гастроэнтеролог
    • Аллерголог
    • Ревматолог
    • Офтальмолог
    • Тамыр хирургы
    • Гематолог
    • Гепатолог

Жаңалық

«Ауылдық денсаулық сақтау жағдайында негізгі терапиялық аурулар менеджментінің өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

  АСА  ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР

Сіздерді  2014 жылдың 10 қазанында Алматы қаласында  өтетін  «Ауылдық денсаулық сақтау  жағдайында  негізгі терапиялық  аурулар менеджментінің  өзекті мәселелері» атты  Республикалық ғылыми-практикалық  конференцияға (бұдан әрі – Конференция) қатысуларыңызды сұраймыз. 

 Ұйымдастырушылары: ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» ШЖҚ РМК

Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы ауылдық денсаулық сақтау саласындағы негізгі терапиялық аурулар менеджментін дамыту мәселелері және оның келешегі бойынша тәжірибе алмасу». Конференцияға қатысу үшін  ауылдық  денсаулық сақтау саласы ұйымдарының  басшылары мен мамандары, ұлттық орталықтар мен ҒЗИ,  жоғары оқу орындарының  профессорлық-мұғалімдер  құрамы  шақырылады.

«Almaty Hepatology 2014» халықаралық конгресі

Құрметті әріптестер! Сіздерді «2014 жылға арналған ғылыми-практикалық конференциялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 114 Бұйрығына сәйкес жүргізілетін «Бауырды зерттеу жөніндегі Еуропалық ассоциацияның» қолдауымен шеберлік-кластармен өтетін «AlmatyHepatology 2014» халықаралық конгресінің жұмысына қатысуға шақырамыз. Шеберлік-кластардың өтетін күндері: 2014 ж. 2 қазаны. Шеберлік-кластардың өткізілетін орны: ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Әйтеке би к-сі, 120. Конгресс өтетін күн: 2014 жылдың 3-4 қазаны. Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Бауырды зерттеу жөніндегі Қазақ ассоциациясы.

АЛМАТЫДА ДӘРІГЕР-ЭНДОСКОПИСТЕРДІ ДАЯРЛАУҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ-ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 

 

 

 

  

Алматыда елімізде бірінші рет дәрігер-эндоскопистерді даярлауға арналған тренинг орталығы ашылды. Бүгін Кардиология және ішкі аурулар  ғылыми-зерттеу институтына барлық елдердің мамандары тәжірибе алмасу үшін келді.  

Қазақстандық дәрігерлер аса күрделі операциялар және зерттеулермен бірнеше жыл бойы айналысып келеді, алайда  мұндай құралмен жұмыс істеу кез келгенге бұйыра бермеді. Бүгін арнайы шақырылғандар медицина данышпандары дәрістер оқыды және ең жаңа аппараттурамен қалай жұмыс істеу қажеттігін көрсетті.  Эндоскопия - ішкі ағзаларды зерттеуге арналған ең қолайлы және зиянсыз әдістердің бірі екендігін дәрігерлер мойындайды.  Құрал аса көңіл бөлуді қажет ететін өте нәзік және қымбат механизм екені рас. Мұндай техникамен кез келген ел мақтана алмайды. 

Петр Щербаков, Мәскеу клиникалық ғылыми-практикалық орталығының эндоскопия профессоры

- Тіпті мұндағы бар  бөлімшенің құрылымы санЕжН бойынша  құрылған. Кейде Ресейде рұқсат етілмейді, мүмкін алаңның, мүмкін қандай бір құралдың жетіспеушілігінен шығар.  Біздің келіп, көріп отырғанымыз кітаптағы жазылғандарға сай келеді. Әрине, біз де дәл осылай жасауға ұмтыламыз, өйткені бұл дұрыс.

28.02.2014

Елена Сторчак

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ CALL-ОРТАЛЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасына сәйкес, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДСЖ) енгізу жағдайында амбулаторлық ұйымдар қызметінің ерекшеліктерімен байланысты болатын мәселелерді жариялау мақсатында «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК базасында Call-орталығы ұйымдастырылды.

Осы Call-орталығының қызметі телефон бойынша кеңес беру арқылы медициналық қоғам мен халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында (www.mz.gov.kz) құрылған форумында келесі сұрақтар бойынша ақпарат ұсынуға бағытталған:

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымға тіркелу тәртібі ;

ТМККК қызметінің тізбесі және оны халыққа көрсету тәртібі;

Амбулаторлық деңгейде ТМККК қызметтерін төлеу мәселелері. 

Call-орталығының телефондары:

+7 (7172) 47-61-95;

+7 (7172) 47-62-07;

8 8000 80 88 87

Call-орталығының электрондық адресі: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сонымен қатар РДДО сайтында «сұрақ- жауап» айдары қызмет жасайды: http://www/rcrz/faq.html