Гранттар
«Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің қоры» Қоғамдық Қорының гранты №69-09 (2009-2010).
Мына тақырыптағы ғылыми-зерттеу жұмысы:
«Атеросклеротиканың даму механизмін емдеу және алдын алу тұжырымдамасын жасау арқылы салыстырмалы физика-химиялық түрде зерттеу»
Зерттеудің мақсаты: Кейіннен емдеу мен алдын алу тұжырымдамасын жасаумен әртүрлі орналасқан организм тіндері майларының физикалық-химиялық табиғатын салыстырмалы түрде зерттеу негізінде атеросклеротиканың даму механизмін зерттеу.
Зерттеу дизайны. Зерттеу 2 блоктан құрылды. 1-ші блок – организмнің әртүрлі майларының физика-химиялық құрылымы мен құрамын білу. 2-ші блок – тұжырымдамаларды әзірлеу. 3-ші блок – келешегі бар, салыстырмалы, бақыланатын клиникалық зерттеулер.
Ғылыми жаңалықтар. Әртүрлі орналасуы, функционалды бағытталуы мен пайда болу механизміне байланысты организмдегі майлардың құрамындағы химиялық қосылыстар мен химиялық топтардың, элементтің құрамы тұңғыш рет табылды. Тұңғыш рет организмдегі майлардың әртүрлі орналасуындағы қызу шығарушылық қасиеті зерттелді. Атеросклерозбен ауыратындарда дененің бұлшықетті/сулы/сүйектік салмағының пайыздық бөлігінің төмендеуі, олардың организмдерінің абдоминалды аумағында висцер семіздігі дамуымен майлы салмақтың пайыздық бөлігінің бұзылуына байланысты екендігі алғаш рет көрсетілді. Алғаш рет көбіне дененің майлы салмағынан метаболизмдік жастың және негізгі алмасу көрсеткіштерінің тура тәуелді болуы табылды. Алғаш рет организмнің «биологиялық ресурстарының шектелуі» тұжырымдамасы ұсынылды. Май тінінің артық салмағының әрекетсіздігі аясында организмнің онтогендік кезеңінде майлардың тығыз атеросклеротикалық майларға ауысуына байланысты атеросклеротикалық процестің метаболикалық концепциясы алғаш рет жасалды. Атеросклерозбен ауыратындарда дененің артық майлы салмағының «аналиментарлы уытсыздану» тәсілімен төмендеуі артынан клиникалық және зерханалық-аспаптық байқалулар симптомдық дәрілік заттардан фармакологиялық тәуелділікке алып келетіні белгіленді.
Басылымдар. Барлығы 34, оның ішінде.: 3 сақтау құжаты – 1 ИС Мемтіркеу туралы куәлік («онтогенезде атеросклероздың эволюциялық даму тұжырымдамасы (ғылыми туынды) №795 18.11.2009ж. ИС 03831), 1 Еуразиялық Патент («Атеросклерозды дәрі-дәрмексіз емдеудің тәсілі) № 201000276/26 01.03.2010 ж.), 1 Патент («Атеросклерозды емдеу тәсілі» №2010/0200.1 17.02.2010 ж.), 1 монография, Алыс шетелде 3 басылым шықты (2 – Францияда, 1 – Аргентинада), ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдардағы 10 мақала, , 1 өнертапқыштық ұсыныс, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жасалған 8 тезис.
Грант «GLP и GCP халықаралық стандарты бойынша өсімдік шикізатынан алынған жаңа дәрілік заттарды клиникаға дейін және клиникалық сынақтан»
«Өсімдік шикізатынан алынатын тиімді жаңа дәрілік заттарды зерттеу мен оларды GMP халықаралық стандартымен өндіруді ұйымдастыру » 2010-2012 жылдарға О.0530 бағдарламасы бойынша грант.
ҚР ДСМ ШЖҚ-ғы РМК «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» «Халықаралық «Фитохимия» ғылыми-өндірістік холдингы мен «Фитотерапия орталығы» ЖШҚ-тың негізгі ұйымының бірлесіп орындаушысы болып табылады.
Жобаларды зерттеудің мақсаты «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингы» өндірген фитопрепараттарды клиникаға дейін және клиникалық зерттеуден өткізу болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
- Фитопрепараттарды клиникаға дейін және клиникалық зерттеуге СОП-ты әзірлеу.
- Клиникалық зерттеулерге зерттеу хаттамаларын құрастыру.
- Гиполипидемиялық зат ретінде «Атеролид» препаратын клиникалық зерттеуден өткізу.
- Гепатопротектор ретінде «Салсоколлин» препаратын клиникалық зерттеуден өткізу.
- Диметламиногроссгеминнің метилйодид канцерогенділігін зерттеу.
- «Аяфрол» препаратының өрбу уыттылығын зерттеу.
«Бақыланбайтын ауыр демікпе ауруын емдеу мен алдын алу, диагностикалаудың тиімділігін арттыруға ғылыми дәлелденген жолдарды зерттеу» гранты.
Ф. 0479. «Медицинаға, ауыл шаруашылығына және қоршаған ортаны қорғауға инновациялық технологияларды құру негізі – биологиялық жүйелердің жұмыс істеу заңдылығы» 4.2 бөлігі. ҚР БҒМ БК «Адам денсаулығын жақсарту мен сақтаудың биологиялық негізі» іргелі зерттеу бағдарламасы бойынша.
ҚР ДСМ ШЖҚ-ғы РМК «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ»ҚР ДСМ «Ұлттық медициналық орталығы»-ның бірлесіп орындаушысы болып табылады.
: қаржылық шығынды жоғарылату мен емдеуге резистенттіліктің дамуына әсер ететін, бақыланбайтын ауыр демікпе ауруын емдеу мен алдын алу, диагностикалаудың тиімділігін оның клиникалық-эпидемиологиялық мінездемесі мен факторларын оқып-білу арқылы жоғарылата алтын шаралар жиынтығын әзірлеу.
Негізгі мақсаттар:
- Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарында бронхылық демікпенің құрылымы мен клиникалық-эпидемиологиялық мінездемесін зерттеу.
- Бақыланбайтын ауыр бронхылық демікпемен ауыратындарда тура қаржылық шығындардың өсуі мен шұғыл медициналық және стационарлық көмектің қажеттілігін жоғарылату, емдеудің тиімділігінің төмендеуіне мүмкіндік жасайтын әлеуметтік-экономикалық факторлар мен медицинаның рөлін анықтау.
- Қазіргі заманғы инновация технологияларын қолдана отырып, бронхылық демікпенің алдын алу мен емдеу, диагностикалауды жақсарту бойынша қажетті шаралар жиынтығын зерттеу.
- Ұсынылған шаралардың экономикалық потенциалды тиімділігін бағалау.


