Диабетпен ауыратындарға кеңес
2 типтегі қант диабетінің алдын алу
2 типтегі қант диабеті – кей ағзалардың инсулинге және оның секрециясының кемістігіне резистенттілігінің нәтижесі болып табылатын гипергликемиямен сипатталатын метаболикалық (алмасымдық) ауру. 2 типтегі ҚД-де көмірсулар алмасуының бұзылуымен бірге майлы және белоктық алмасулары бұзылады. 2 типтегі ҚД асқынуы өлім-жітіммен аяқталатын, ауырсындырмайтын миокард инфаргына әкелетін жүйке мен жүрек-қантамырының бұзылуына, аяқтардың шіріп, соңынан отауға әкелетін, көру қабілетінің жойылуына, бүйректің тоқтауына, ер адамдардың жыныстық дисфункциясына әкеледі.
Егер мынадай жай ержелерді ескерсеңіз, барлық қауіпті асқынулардың алдын алуға болады.
- Біріншіден, дене салмағын қалыпты жағдайда сақтау қажет. Ол үшін теңестірілген емдәмді сақтауға, тамақты артық ішпеуге тырысу қажет.
- Екіншіден, дененің қалыпты салмағын ұстап тұру мен қанайналымын жақсарту үшін, әсіресе көп қимылсыз өмір сүретін тұлғаларға үнемі спортпен шұғылдану керек. Жас шамасына байланысты, аптасына 3-5 рет 20 минуттан 60 минутқа дейін спортпен айналысу қажет.
- Үшіншіден, 40-тан асқандарға жылына кем дегенде 2 рет тамаққа дейін, ашқарынға қандағы глюкозаның деңгейін тексертіп тұру қажет.
- Төртіншіден, шылым шегу мен алкоголь сияқты зиянды әдеттен арылуы қажет.
- Бесіншіден, төменде берілген симптомдардың пайда болған кезінде тұқым қуалаушылығын ескеру керек.
2 типті қант диабетінің мүмкін болатын симптомдары:
- Шөлдеу. Ортаның температурасы мен ас қабылдаумен байланысты болмайтын үнемі шөлдеу (күніне 2 литрден астам).
- Кіші дәретке отырудың жиілігі. Қабылдаған ас пен суға, ортаның температурасына, дәрі-дәрмектерді қабылдауға, сонымен қатар физикалық (балалар, жүкті әйелдер, бүйрегі зақымдалған адамдар) және психикалық жағдайға байланысты болмайтын кіші дәреттің түнгі уақыттағы жиілігі.
- Асқа тәбет. Физикалық жүктеменің өсуімен байланысты болмайтын асқа тәбеттің жоғарылауы.
- Дене салмағының жоғарылауы немесе артықтығы. Физикалық ауырлықтармен, функциялық жағдайларымен (балалар, жүкті әйелдер) байланысты болмайтын жарты жыл ішінде орташа 20-25%-ға дене салмағының өсуіне немесе дененің артық салмағының ұзақ уақытқа (3-жылдан артық уақытқа) сақталуымен байланысты.
- Аяқтың іріңді бөртпелерінің пайда болуы, әсіресе аяқ жақтарындағы ойықжара мен жарақаттың жазылмауы. Ұсақ қылтамыр жағынан тамырлы жүйенің бұзылуына жиі әкелетін ұзақ уақытқа созылатын гипергликемия, сонымен қатар, оған жалғасатын метаболикалық бұзылулар. Бұл тін мен ағза қоректенуінің бұзылуына әкеліп соқтырып, кейіннен солуға және семіп қалуына әкеледі.
- Әйелдердің бұтаралығында қышынудың пайда болуы.
Осы симптомдардың біреуі немесе одан да көбі пайда болса, ондай жағдайда себептерін білуге міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.


