Қан қысымы жоғары болатын (гипертониктерге) науқастарға кеңес

Гипертонияны қалай дұрыс емдеуге болады – инсульттің алдын алу

Артериялық гипертония (АГ) – ми қанайналымы бұзылуының даму факторларының ең бір көп таралған түрі, сонымен қатар систоликалық артериялық қан қысымының (САҚҚ) деңгейі дистоликалық АҚҚ (ДҚҚ) деңгейіне қарағанда аса жоғары болжамдық маңызы бар. АГ-мен ауыратындарда жүректің ишемиялық ауруларының барлық клиникалық түрлерінің, оның ішінде стенокардия, миокард инфарктісі мен кенеттен қаза болуының даму қаупі жоғарылайды, сонымен бірге қауіптің жоғарылауы АГ-ның ауырлығымен пропорционалды болады. Бұл АҚҚ мен ЖИА-ның жоғарылауы арасындағы себепті-салдарлы байланыстың барын дәлелдейді.

Бас миы – АҚҚ кезіндегі нысана-ағзасының бірі болып табылады. Цереброваскулярлық асқынулар көбіне еңбекке жарамдылықты жоғалту мен өлім-жітімді болудың маңызды себебі болатын АГ-мен ауыратындардың тағдырын анықтайды. АГ-мен көп уақыт аралығында ауырғаннан кейін пайда болатын миішілік артериялардың функционалды және құрылымдық өзгерістері әртүрлі неврологиялық және психикалық бұзылыстардың, сонымен қатар инсульттің дамуына бейімділік немесе ми қанайналымының бұзылуына ауысудың себебі болуы мүмкін.

Қысым көтерілуіне қарсы тиімді терапия АГ-мен ауыратындардың ми қанайналымының бұзылуы дамуының алдын алады.

Айта кететін жағдай, антигипертензивті терапия АҚҚ-ың мөлшерден тыс төмендеуіне әсер етіп, ми ишемиясының, мысалы, ишемиялық инсульттің жедел фазасының дамуына әкеліп соқтырады немесе оны қоздырады. Осыған байланысты, антигипертензивті дәрі-дәрмектердің мидың қан айналымына созылмалы және жіті тиімділік әсерін ескеру маңызды. Бір жағынан, атеротромботикалық (әсіресе ишемиялық) инсульттің даму факторлары, екінші жағынан, геморрагиялық инсульт (миға қан құйылу) пен субарахноидальды қан құйылуда белгілі бір айырмашылықтар бар. Инсульттың барлық түрлерінің даму қаупі артериялық гипертензия, темекі шегу мен ішімдікке салыну (тәулігіне?60 г) салдарынан болуы мүмкін. ЖИА-ы дамуына қарағанда, АГ-ның инсульт дамуымен байланысы тығыз. Инсульттің абсолютті қатері жас шамасына қарай дамиды, дегенмен, инсульттың дистоликалық АҚҚ деңгейінен тәуелділігі жасы үлкен топтардағы аурулармен салыстырғанда 45-тен жас ауруларда тығыз болады.

Осыған байланысты, ми инсультының алдын алуға пульсты АҚҚ-ың жоғарылауын болдырмай отырып, дистоликалық, әсіресе систоликалық АҚҚ-мы деңгейінің жоғарылауын төмендету қажет. Антигипертензиялық терапия инсульт қаупінің алғашқысы болсын, қайталанбасы болсын, бірдей төмендетеді деп бекітілген.

Сұрақ: «Қалай инсульттің алдын алуға болады? Негізгісі - артериялық қан қысымын бақылау деп есептеуге болады ма?»

Инсульттың даму қаупіне ауыр ықпал ететін факторлар бар, мысалы, жас шамасы немесе бас миы тамырларының туа біткен құрылымы. Бірақ басқа факторлардың әсер етуі шын мәнінде төмендеуі мүмкін, біріншіден, бұл АҚҚ-ы деңгейі. Әсіресе қайталанған профилактикада, яғни оларға болжамы нашар болған қайталанба инсульттың алдын алуда АҚҚ-ын бақылау аса қажет. Инсульттың жиілігін төмендетуге популяциялы және жоғары қауіп тобындағы алдын алу стратегиялық маңызды болып табылады. Болжамы елеулі жаман болатын екінші профилактика - қайталанба инсульттердің алдын алу кезінде АҚҚ қадағалау әсіресе маңызды. Популяциялық шаралар Батыс Еуропа елдері қатарында артериялық гипертензия жиілігін елеулі азайтқан, ол салауатты өмір сатын насихаттауға негізделген және мейлінше қарапайым (шылым шегуді тоқтату, физикалық белсенділік, жағымды көңіл-күйлер, емдәм). Аурудың қауіпі жоғары топтарда, мысалы айқын отбасылық бейімділік немесе басталып келе жатқан атеросклероз кездерінде қауіптің негізгі факторларын (АГ, ЖИА, қант диабеті, холестерин және салмақтың артуы, алкогольді шамадан тыс қолдану) қадағалау қажет.

Сұрақ: «АҚҚ-ын қалай төмендеткені инсульттың алдын алуға маңызды болады ма?»

Инсульттың алдын алуға тек қана төмендету ғана емес, АҚҚ-ын бақылауды орнату қажет. Алайда, АҚҚ-ын төмендету оның шапшаң жоғарылауы сияқты, инсульттың даму қаупі факторының бірі болып табылады. Сондықтан тәулік бойы АҚҚ-ын шапшаң өзгерулерден сақтау керек, яғни АҚҚ-ың тәуліктік бақылауының мәліметін ескерумен. Бас миы тамырларының микроциркуляциясына бір уақытта оң әсер ететін және АҚҚ-ын тұрақтандыратын дәрі-дәрмектерді тағайындау

Мидағы қанағымның жақсаруын ұмытпау керек, осы жағдайда АҚҚ-ын тұрақтандыратын дәрі-дәрмектерді тағайындау мен бас миы тамырларының микроциркуляциясына бір уақытта оң әсер ететін дәрі-дәрмектерді тағайындау орынды болады.

Сұрақ: «Ишемиялықтың немесе геморрагиялықтың аурудың алдын алудың қайсысы жеңіл?»

Геморрагиялық инсульт айқын көрсетілген АҚҚ-ың жоғарылауымен және ми тамырларының қабырғасындағы (аневризмдер, тамыр қабырғасында үлкен атеросклеротикалық түйіндақтың зақымдануы) өзгерістердің болуымен тығыз байланыста болады. Ишемиялық инсульт мидың ишемиялық ауруының жедел кезеңі болып табылады, оның дамуын аса жорамалданады да, оның алдын алу жеңіл болады.

Сұрақ: «АҚҚ-ың таңертеңгі мезгілде жоғарылауы инсульттың тәуелсіз болжаушысы бола алады ма?

Жоғары және тұрақты АҚҚ-мен ауыратындардың клиникалық байқауын ескере келе, АҚҚ-ың таңертеңгі мезгілде артық жоғарылауын емдеу нысанаағза мен асқынуларының алдын алуға болатынын көрсетті. АҚҚ-ың таңертеңгі мезгілде артық жоғарылауын дәрі-дәрмекпен емдеу ми қанайналымының бұзылу қаупін төмендетуге әсер етеді. Сондықтан, айта кететін жағдай, дәрігер-терапевтің жиі жіберетін қателігі – қайткен күнде АҚҚ-ын белгілі бір мөлшерге дейін төмендету болады. АҚҚ-ын жас шамасы мен жынысына қарай ақырындап төмендету қажет.


Материал 2008 жылы Қазақстан-Ресей медицина университетінің жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор З.Н.Лигаймен дайындалды.