Тарихы
Қазақтың Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Қазақстан КП ОК мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысы мен ҚазССР ДСМ «Қазақ ССР ДСМ Қазақтың кардиология ғылыми-зерттеу институтын Алматы қаласында ұйымдастыру» 1977 жылдың 9 желтоқсанындағы №832 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.
Институттың құрылуына Қазақстандағы медициналық кадрлардың күш-қуатын дәл және тиімді пайдалану, кардиология саласындағы ғылыми зерттеулерді ретке келтіру, халыққа көрсетілетін мамандандырылған кардиологиялық көмектің сапасын жоғарылатуды қамтамасыз ету қажеттілігі себеп болды.
ҚазҒЗИ-ның жетекшілері болып: доцент А.С. Исмағұлов (1977-79 жж..), м.ғ.д., профессор Г.А. Құлқыбаев (1979-81 жж.), м.ғ.д., профессор А.Ж. Рысмендиев (1981-2001 жж.), м.ғ.д., профессор А.К. Жүсіпов (2001-2007), м.ғ.д., профессор С.Ф.Беркінбаев (2008-2009), м.ғ.д., профессор Е.Ә. Изатуллаев (2009-2011). Қазіргі уақытта институттың директоры қызметін м.ғ.д., профессор С.Ф.Беркінбаев атқарып келеді.
2001 жылдан бастап институт Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ болып өзгертілді де, осы кезден бастап институттың алдына қойған мақсаты едәуір кеңейді. Осы күні «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен жыл сайын аса ауыр гастроэнтерологиялық, аллергологиялық, ревмотологиялық, эндокринологиялық, кардиологиялық аурумен ауыратын 6000-нан астам емделушілерге стационарлық көмек көрсететін жетекші терапиялық мекеме болып табылады. Жыл сайын 15000-нан астам адам амбулаторлық кеңес беру көмегін алады.
Қардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ы Қазақстанның терапиялық қызметімен қоса әдістемелік жетекшілікті іске асырып, оның стратегиялық дамуын анықтайды.
2010 жылдан бастап институт Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің РМК «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» болып өзгертілді.
Институттың қазіргі заманның емдік, диагностикалық, стационарлы-емханалық, профилактикалық кәсіпорынның барлық талаптарына сай келетін клиникалық базасы бар. Клиникада 240 төсекке орын ашылды, оның 60-ы шаруашылық есепті құрайды, клиникада 426 қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде 20 медицина ғылымының докторы, 37 медицина және биология ғылымдарының кандидаты бар. Ғылыми қызметкерлердің саны-41, оның ішіндегі 30 маманның ғылыми дәрежесі бар.
Институт базасында Республикалық клиникалық иммунология мен аллергология ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Республикалық аритмология орталығы қызмет жасайды.
К және ІА ҒЗИ-ның оқыту-клиникалық базасы қазіргі заманғы оқу, оқыту-әдістемелік және көрнекі құралдар, оқу әдебиеттері, интернетпен қамтамасыз етілген. Институттың республикалық және халықаралық деңгейдегі медицина өміріндегі жаңалықтар мен институттың соңғы ғылыми-клиникалық зерттеуі туралы хабарлар, барлық ғылыми және клиникалық бөлімшелер туралы ақпараттар беріп отыратын ақпараттық сайты бар. Институт өзінің құрылған уақытынан бастап, жақын шетелден: Ресей, Украин, Литва, Қырғызстан, Өзбекстан әріптестерімен де, сонымен қатар алыс шетелден: АҚШ, Германия, Финляндия, Жапония елдерімен тұрақты ғылыми, ақпараттық байланыста болып отыр. Институттың ғылыми қызметкерлерінің халықаралық беделінің жоғары екендігіне жүргізілетін ғылыми форумдар туралы дербестелген ақпараттың үнемі түсуі мен оған қатысуға шақыруы дәлел болады. Институт Қазақстан Кардиологтары қауымдастығының пленумы, съезі,4 халықаралық конгресс, 23 халықаралық симпозиумдар өткізді, қызметкерлер кардиологтар мен терапевтердің 18 еуропалық және 8 бүкіл дүниежүзілік конгресінің жұмысына қатысты.
Институт қызметкерлері үнемі ғылыми-тәжірибелік конференцияларды жүргізу мен дайындауға қатысады.
Институт базасында кардиология, эндокринология, терапия, гастроэнтентерология, иммунологиямен бірге аллергология резидентурурасы бар.
К және ІА ҒЗИ қамқорлығымен «Қазақстан Республикасы терапевтерінің қауымдастығы» мен «Қазақстан Республикасы кардиологтарының қауымдастығы» өздерінің қоғамдық-медициналық жұмыстарын жүргізеді.
2003 жылдан бастап К және ІА ҒЗИ редакциясымен өзі бекіткен мерзімді (тоқсан сайын) эндокринология, кардиология, терапияның клиникалық өзекті мәселелері жарыққа шығарылатын «Терапия хабаршысы» ғылыми-тәжірибелік журналы шығарылады. Журнал 1500 тиражбен шығып, республиканың барлық өңірлеріне таратылады.


