Емдеу-диагностикалық көмек
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ты Қазақстан Республикасындағы жетекші медициналық ұйым болып табылады.
Институтта 240 төсекке арналған 7 клиникалық, 6 төсекке арналған күндізгі стационар мен 4 параклиникалық бөлімшелер жұмыс істейді.
Төмендегідей салалар бойынша стационарлық және амбулаторлық көмекті алуға болады: кардиологиялық, ревматологиялық, эндокринологиялық, гастроэнтерологиялық, аллергологиялық.
Сонымен қатар кардиологиялық көмек те көрсетіледі – электрокардиостимуляторларды имплантациялау, стенттеумен және онсыз коронарография жасау, радиожиілікті абляция.
Институтта жетекші профессорлар және медицина ғылымдарының докторлары кеңес береді.
Емдеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен және дәлелді медицинаның принциптері мен халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық-экономикалық хаттамаларға негізделеді.
- Кеңес беру-диагностикалық бөлім;
- Күндізгі стационармен ғылыми-кеңес беру диагностикалық орталығы;
- КжәнеІА ҒЗИ-ның қабылдау-кеңес беру бөлімшесі мен КжәнеІА ҒЗИ-дағы Ғылыми кеңес беру диагностикалық орталығында кеңес беріп қабылдау жүргізетін мамандар;
- Клиникалық бөлімше;
- Күндізгі аллергология стационары;
- Офтальмолог кабинеті
- «Диабеттік табан» кабинеті
- Көрсетілетін қызметтер ақысы
- Коронарлық артерияны стенттеумен жоспарлы коронароангиография жүргізу үшін қажетті негізгі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің тізімі
Назар аударыңыз!
Қымбатты азаматтар !
Сіздің медициналық қызмет алуда құқығыңыз бұзылатындай жағдай туындаса, онда мынадай мекенжайға шағымдануыңызға құқылысыз:
- Азаматтардан институт клиникасына түскен арыз-шағымдарды қарастыру бойынша комиссияға: телефон +7 (727) 279-96-91
- Бас дәрігерге : телефон +7 (727) 267-68-37
- электронды пошта арқылы : senim@ncvb.kz


