Ғылыми-кеңес беру диагностикалық орталығы

Жетекшісі



Макеева Настаси Михайловна
жоғары санаттағы дәрігер-терапевт

ҒКБДО-ның мақөсаты:

«Ғылыми-кеңес беру диагностикалық орталық» 2006 жылдан бастап Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты негізінде ашылды. Орталық қызметінің мақсаты жүрек-қантамыры ауруларымен, ішкі ағза мен эндокриндік жүйелер ауруларымен ауыратын Алматы қ., Алматы облысы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқа аймақтарында тұратын халыққа шаруашылық есеп негізінде ғылыми-кеңес беру және диагностикалық медициналық көмек көрсету болып табылады.

Ақылы медициналық қызмет көрсету тәртібі:

Ақылы медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға мекенжайына қарамастан көрсетіледі.

  1. Медициналық қызмет бағасы қолданыста бар заңнамаға сәйкес анықталады;
  2. Азаматтардың мағлұматына тіркейтін орында баға тізімі көрнекі құрал арқылы беріледі;
  3. Ақылы негізде медициналық көмек алған азаматтарға мыналар ұсынылады:
    • Дәрігер мамандардың кеңес беру қорытындысы;
    • Олардың талабымен медициналық көмек көрсету үшін шығатын шығын туралы ақпарат;
    • Тексерілуді немесе емделуді мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда төленген сома мен іс жүзінде шыққан шығынның арасындағы айырмашылық қайтарылады.

Ақылы медициналық қызмет жасалады:

  • Денсаулық сақтау ұйымы мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жолдамасынсыз, ҒКДО мамандарының қарауынан кейінгі емдік шаралар мен диагностикалау ;
  • Жұмысқа және оқуға түсу үшін азаматтарды медициналық тексеру;
  • Ауруларды амбулаторлық жағдайда емдеу мен бақылау, қажет болса 4-сағаттан 8 сағатқа дейін бақылау арқылы стационардыалмастырушы медициналық көмек көрсету, яғни күндізгі стационар.

Көрсетілетін қызметтер:

  • Жүрек-қантамыры жүйелері ауруларының (стенокардия, миокард инфарктысы, инфарктан кейінгі кардиосклероз), артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігінің байқалуы, жүрек пен тамырлардың ревматикалық зақымдануының мейлінше көп таралған түрлерін диагностикалаудың жаңа әдістерін қолдану;
  • Ырғақ пен өткізгіштігінің күрделі бұзылуы бар науқастарды диагностикалау мен ем таңдау;
  • Жүрек-қантамыры аурулары 2-3 аптадан асып және еңбек сараптамасын жүргізуде қиындық тудыруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз аурулар. Кардиологиялық бөлімшеге жоспарлы госпитальға жатқызу мәселесін шешуді талап ететін аурулар;
  • Медициналық-әлеуметтік сарапшылық комиссияны жүргізу;
  • Ішкі ағзалар, ішкі секрециялы безбен ауыратындарға мамандандырылған көмек көрсету;
  • Қант диабетімен, орталық эндокриндік жүйелер ауруларымен, бүйрекбез және гипофизарлық без ауруларымен ауыратындарда қанайналым, тыныс алу, асқорыту ағзаларының функционалдық жағдайының ерекшеліктерін зерттеу;
  • Аллергологиялық патология мен асқазан-ішек жолдары патологиясымен ауыратындарға кеңес беру көмегі көрсету;
  • Коронароангиография жүргізуде, электрлікардиостимулятор жүргізу мәселесін шешуде, ырғақтың және оның жүргізілуінде күрделі бұзылу түрі бар ауруларға кардиохирургтың кеңес беруін жүргізу.

Орталықтың жұмысы

Жалпы тіркеу : 8(727) 267-68-34

Кеңес беру орталығының телефоны: 8(727) 233-00-30

Орталық дүйсенбіден жұмаға дейін сағ. 8.00-ден сағ.17.00-ге дейін жұмыс істейді.


Ғылыми-кеңес беру диагностикалық орталығында:

  • Медицина ғылымдарының докторлары, кандидаттары, жоғары санаттағы дәрігерлер жоғарымамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
  • Отандық және әлемдік медицинаның соңғы жетістіктеріне сүйенген емдеу стандарттары;
  • Қазіргі заманғы материалдық-техникалық база.

Бізде кардиология, оған ЭКГ Холтер мониторингін, АҚ ЭХО-кардиография, жүктемелі-тест-тредмилді, ВЭМ, ЧПЭС, сонымен қатар эндокринология, гастроэнтерология, невропатология, аллергология мен иммунология, ревматология, гематологияны қоса сапалы және жылдам түрде кешенді тексеруден өте аласыз. Жұмыс күні аралығында қанның клиникалық талдауына зерттеу жасата аласыз.

Сіздердің қызметіңізге созылмалы жүректің іркілістік жеткіліксіздігі, жіті миокард инфарктысынан кейін науқастарды амбулаторлық жағдайда емдеу мен бақылау жасалады. Жүрекке ағза жасалғаннан кейін, аортакоронарлық ұштастырудан кейін, стенттеуден кейін науқастарды қарамағына алу.

МСЭК жүргізу, опеарция жасар алдында қорытынды кеңес беруді жүргіземіз. Сіздерге емдік іс-шаралар жасайтын күндізгі стационар қызмет жасайды. Гирудотерапия жасалады.

Дәрігерлердің кәсіби білім деңгейі мен қазіргі заманға сай құрал-сайманмен емдеу әдістері әр науқас үшін дер кезінде алдын алу шаралары мен жеке емдеу жүргізу, ең алғашқы даму кезеңінде патологияны табуға көмектеседі.


Орталықта зерттеудің негізгі диагностикалық әдістерін орындауға болады:

  • Эхо-кардиография (ЭХО-КГ)
  • Ішкі ағзаларды ультрадыбыстық зерттеу (УДИ)
  • Электрокардиографиялық зерттеу (ЭКГ)
  • Холтер бойынша АҚ мен ЭКГ тәуліктік бойы бақылау
  • Велоэргометритті сынақ
  • Тредмилл-тест
  • Өңешарқылы электрофизиологиялық зерттеу (ӨАЭФЗ)
  • Қалқанша безін УД зерттеу
  • Эзофагогастродуоденоскопия (ФГДС)
  • Спирография жүргізу.
  • in vitro et in vivo аллергодиагностикасы.
  • Зертхана зеттеулері.

Біз Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ аумағында тұрамыз.

Біздің мамандар Сіздерге көмек көрсетуге әрқашан дайын!

Өз денсаулығыңыз үшін кәсіби мамандарға қаралыңыз!