Қабылдау бөлімшесі
Жетекшісі
Мулинова Мадина Тахирқызы
Бөлімше қызметтері:
- Ақысыз медициналық көмектің кепілдік көлемін беру (АМККК) (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.12.2009ж. №881 бұйрығымен бекітілген «Клиникаға стационарлық емделуге жолдау» 020/у формасы) аясында мамандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсету үшін науқастарды ауруханаға жатқызу;
- Астана қаласының Республикалық госпитализация бюросынан 067 бағдарлама бойынша науқастарды ауруханаға жатқызу жүргізіледі. Аталған бағдарламаның мақсаты азаматтардың медициналық ұйымды еркін таңдау құқықтарын, ТМККК аясында жоспарлы госпитализациялаудың қол жетімділігі мен адалдығын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
- Науқастарды ауруханаға жатқызуға бекітілген мерзімге сәйкес Қазақстан Республикасының аймақтарынан госпитализация бюросы порталына (ГБП) шығарылған науқастарды белгіленген бөлімшелерге жатқызу;
- Қазақстан Республикасының аймақтарынан ГБП-на шығарылған науқастарды олардың нозологиясына сәйкес бөлімшелерге тиімді орналастыру;
- Сондай-ақ, қабылдау бөлімі науқастарды шаруашылық есеп негізінде шаруашылық есеп бөлімшелеріне жатқызады;
- Сақтандыру компанияларымен ынтымақтастықта болу.
К және ІА ҒЗИ қабылдау бөлімінің жұмыс тәртібі: күнделікті сағат 8:00-ден 17:00-ке дейін, түскі үзіліс уақыты сағат 13:00-ден 14:00-ке дейін, демалыс күндері – сенбі және жексенбі.
Жолдау тәртібі:
ҚР ДСМ 30.12.2009ж. №881 бұйрығына сәйкес науқастар облыстық денсаулық сақтау басқармалары, Алматы қ., Алматы облысы және ҚР аймақтарының қалалық денсаулық сақтау департаменттерінің бас мамандарының жолдамасы бойынша Республикалық клиникаларға бекітілген квоталар бойынша госпитализацияға жіберіледі.
Емделуге жіберілгенде науқас міндетті түрде ауруханаға дейінгі деңгейде 10 күн ішінде жарамды болатын бірқатар тексерулерден (1 қосымша) өтіп, жоспарлы госпитализация бекітілген мезгілде құжаттар пакетімен госпитализацияға келуі тиіс (ГБП сәйкес).
Қосымшалар:
- Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-дағы
госпитальға дейінгі деңгейде ЖММК және ММК көрсету үшін қажетті зерттеулердің тізімі
(Microsoft Word форматында, 221 КБайт) - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-дағы
госпитальға дейінгі деңгейде ЖММК және ММК көрсету үшін қажетті зерттеулердің тізімі
(PDF форматында, 143 КБайт)


