Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарында 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 1044 пациентке артық адам ем қабылдады

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарында 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 1044 пациентке артық адам ем қабылдады

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарында 2023 жылы 3128 пациент емделді, 2022 жылы – 2084, яғни 2022 жылмен салыстырғанда 1044-ке артық.

2023 жылы, өткен жылдардағыдай, пациенттердің ең көп пайызы қанайналымы жүйесі аурулары бар науқастар болды, оның ішінде: жүректің ишемиялық ауруы бар науқастар ем қабылдады.

Күндізгі стационарда мидың МРТ және жүрек тамырларының МСКТ жасалуына байланысты 2022 жылмен салыстырғанда жүректің ишемиялық ауруы және артериялық гипертензия диагнозы қойылған науқастар 4 есе көп болды.

Екінші орында - ас қорыту жүйесі аурулары, бұл негізінен биологиялық терапия алатын науқастар. Содан кейін сүйек-бұлшық ет жүйесі мен тыныс алу органдары аурулары және тері мен тері астындағы тіндердің аурулары бар науқастар.