КІАҒЗИ-да венгриялық дәрігердің қатысуымен «Антибиотикке төзімділікпен күресте прокальцитонин биомаркерінің көмегімен антибиотикалық терапияны бақылау» атты семинар өтті

КІАҒЗИ-да венгриялық дәрігердің қатысуымен «Антибиотикке төзімділікпен күресте прокальцитонин биомаркерінің көмегімен антибиотикалық терапияны бақылау» атты семинар өтті

23 сәуірде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да дәрігерлер мен резиденттер үшін Венгрияның Печс университетінің бөлімше меңгерушісі, шұғыл медицина кафедрасының доценті Канизсай Петердің қатысуымен «Антибиотикке төзімділікпен күресте прокальцитонин биомаркерінің көмегімен антибиотикалық терапияны бақылау» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты: шұғыл медициналық көмек саласында тәжірибе мен білім алмасу.

Халық денсаулығына қауіп төндіретін антибиотиктерге төзімділікті ескере отырып, пациенттерді емдеу үшін қолданылатын микробқа қарсы препараттарға мұқият болу және оларды сақтықпен қолдану өте маңызды. Медициналық ұйымның клиникалық-диагностикалық зертханасы микробқа қарсы төзімділікті бақылау бойынша зертханалық диагностиканы жақсарту үшін де жұмыс істеуі керек.

Прокальцитонин пациенттерді тиімдірек бақылау үшін клиникалық тәжірибеде көбірек қолданылады. Бұл маңызды қабыну маркері антибиотикалық терапияны тағайындау, жалғастыру және тоқтату мәселесін шешу үшін жиі қолданылады.

Осыған байланысты, прокальцитониннің көмегімен антибиотикалық терапияны бақылау жөніндегі семинар өзекті болып табылады, өйткені ол дәрігердің «Зиян келтірме!» деген басты қағидасының мақсатын көздейді.