КІАҒЗИ эндоскопия бөлімшесінде 2023 жылы жүргізілген зерттеулердің жалпы саны өсті

КІАҒЗИ эндоскопия бөлімшесінде 2023 жылы жүргізілген зерттеулердің жалпы саны өсті

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінде 2023 жылы жүргізілген зерттеулердің жалпы саны 2022 жылмен салыстырғанда 405-ке өсті, бұл нәтижеге колоноскопия, бронхоскопия, сондай-ақ хеликобактериоз және биопсия диагностикаларын ұлғайту арқылы қол жеткізілді.

Бюджеттік зерттеулердің саны 355-ке өсті, олар: гастроскопия, колоноскопия және биопсия алу.

Ақылы қызметтер бойынша: хеликобактериозды және биопсияны диагностикалау бойынша зерттеулер саны артты.

2023 жылы жаңа технологиялар енгізілді: бір баллондық ассистирленген энтероскопия және ІҚА кезінде тоқ ішек стриктураларының баллондық дилатациясы