Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Құрметті қазақстандықтар!  Сіздерді Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Елімізде Отан қорғаушылар мерекесі мен Жеңіс күні ерліктің, қайсарлық пен батылдықтың үлгісі болған жауынгерлер алдында тағзым ететін күн. Кешегі жаһан соғыста Отан үшін отқа түскен қаһармандардың тұлғаларын ардақ тұтып, есімдерін естен шығармау - бүгінгі ұрпақтың парызы. Ардагерлеріміз көрсеткен отансүйгіштік қасиеттері - бүгінгі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан үлкен құндылық.

Қос мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Еліміздің іргесі берік болсын!

Құрметпен,

                                                       Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

                                                      Басқарма Төрағасы Марат Пашимов