Құрметті әріптестер! КІАҒЗИ «Ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі инновациялық әдістер» тақырыбында 13 және 25 мамыр аралығында біліктілікті арттыру циклі өткізілетіні туралы хабарлайды

Құрметті әріптестер! КІАҒЗИ «Ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі инновациялық әдістер» тақырыбында 13 және 25 мамыр аралығында біліктілікті арттыру циклі өткізілетіні туралы хабарлайды

Құрметті әріптестер!

🏥 Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ревматолог, жалпы практика және отбасылық медицина дәрігерлеріне, терапевт, травматолог, дерматолог, гастроэнтеролог және т.б. дәрігер мамандарға арналған «Ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі инновациялық әдістер» тақырыбында осы жылдың 13 және 25 мамыр аралығында біліктілікті арттыру циклі өткізілетіні туралы хабарлайды.

✅ Циклдің ұзақтығы: 2 апта, 120 сағат, 4 кредит.

✅ Оқыту форматы - онлайн/офлайн.

✅ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ревматологиялық қызметінің басшысы, профессор Ольга Машкунова білім беру бағдарламасы аясында мамандарды оқытатын болады, олар:

- ревматологиялық ауруларды зертханалық-аспаптық және иммунологиялық диагностикалаудың өзекті мәселелері,

- дәлелді медицина қағидаттарына және зерттеудің иммунологиялық әдістерін, аспаптық әдістерді түсіндіруге негізделген заманауи емдеу әдістері,

- әр пациент үшін жеке терапияны таңдау,

- нақты тәжірибеде гендік-инженерлік биологиялық терапияға көрсеткіштерді анықтау,

ревматологиялық ауруларды емдеуде ауруды өзгертетін терапияны және глюкокортикостероидты терапияны қолдану кезінде жағымсыз құбылыстарға мониторинг жүргізу.

✅ Оқыту цикл қатысушыларына қосымша біліктілік алу үшін ревматологиялық ауруларды емдеу саласындағы кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік береді.

✅ Цикл аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі құжат -біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім департаментіне жүгіне аласыз: 📞📞: 8 727 2330068, 8 747 9346 598 - Гульсан Гайбирановна, 8 777 5970 063 – Назира.