87 жастағы пациентке аорталық қақпақша сәтті алмастырылды

87 жастағы пациентке аорталық қақпақша сәтті алмастырылды

https://elordainfo.kz/densaulyk/87-zhasta-y-pacientke-aortaly-a-pa-sha-s-tti-almastyryldy

 Кардиология және ішкі аурулар ұлттық ғылыми-зерттеу институтында Каролинск институтының (Швеция, Стокгольм) жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы жетекші сарапшысы, профессор Наузад Салехтің жетекшілігімен шеберлік сағаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Шведтік профессордың қатысуымен 7 пациентке аорталық қақпақшаны эндоваскулярлы жолмен күрделі алмастыру операциялары сәтті жүргізілді.

Мұндай аз инвазивті операциялар жүрек-қан тамырлары аурулары ауыр формада өтетін, ашық жүрек операциясына қарсы көрсетілімі бар пациенттерге жасалады.