Алматыда жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар метаболикалық синдромды емдеу мәселелерін талқылады

Алматыда жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар метаболикалық синдромды емдеу мәселелерін талқылады

https://informburo.kz/kaz/newskaz/almatyda-zeteksi-qazaqstandyq-zane-seteldik-sarapsylar-metabolikalyq-sindromdy-emdeu-maselelerin-talqylady

 "Метаболикалық синдром 2025: ХХІ ғасырдың жаһандық трендтері мен сын-қатерлері" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
 Бүгін Алматыда Қазақстанның, Швецияның, Грузияның, Ресейдің және басқа да жақын және алыс шетелдердің жетекші сарапшыларының қатысуымен, елдің жетекші кәсіби медициналық қауымдастықтарының қолдауымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұйымдастыруымен "Метаболикалық синдром 2025: ХХІ ғасырдың жаһандық трендтері мен сын-қатерлері" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Метаболикалық синдром – қазіргі клиникалық тәжірибедегі ең өзекті жағдайлардың бірі, 2 типті қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, алкогольсіз бауырды  май басу аурулары, семіздік және басқа созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуымен тығыз байланысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі ересек тұрғындардың 25%-дан астамында метаболикалық синдром белгілері бар деп есептейді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – метаболикалық бұзылуларды диагностикалау, алдын алу және емдеу мәселелерінде медицинаның әртүрлі бағыттарындағы мамандардың хабардарлығын арттыру. Конгресс бағдарламасында гастроэнтерология, эндокринология, кардиология, тамақтануды қолдау, бариатриялық хирургия және коморбидті науқастарды басқарудың психоәлеуметтік аспектілері туралы өзекті тақырыптар бар.
 
Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz