Қазақстанда ішек аурулары 3 есеге артқан

Қазақстанда ішек аурулары 3 есеге артқан

https://qazaqstan.tv/news/211495/

Қазақстанда ішек аурлары үш есеге артқан. Мамандардың мәліметінше, 2018- 2023 жылдар аралығында Крон ауруы 555-тен 1600-ге дейін өссе, ойық жаралы колитпен тіркелгендер саны 7300-ден асқан. Бұл туралы ішектің қабыну аурулары туралы талқыланған IX ұлттық форумда айтылды. Шараға әлемнің жетекші мамандарымен қатар еліміздің барлық өңірлерінен келген 300-ден аса сала маманы қатысты. Жиынға қатысушылар мәселені бірқатар өңірде эндоскопиялық диагностиканың қолжетімсіздігімен байланыстырды. Сондай-ақ науқастарға психологиялық қолдаудың жетіспеушілігі тағы бар, - дейді сарапшылар.