Швециядан келген дәрігер 7 қазақстандыққа күрделі операция жасады

Швециядан келген дәрігер 7 қазақстандыққа күрделі операция жасады

https://baq.kz/shvetsiyadan-kelgen-dariger-7-qazaqstandyqqa-kurdeli-operatsiya-zhasady-200012529/

 

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Швециядан келген профессордың жетекшілігімен күрделі операциялар жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Институтта жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы жетекші сарапшы, Каролинск институтының (Стокгольм, Швеция) профессоры Наузад Салехтің жетекшілігімен шеберлік класы өтті. Оның барысында 7 пациентке қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру бойынша күрделі операциялар жасалды. Мұндай аз инвазивті хирургиялық араласулар ашық операциялар жасауға болмайтын ауыр жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға жасалады.

Науқастардың бірі - 87 жастағы Михаил Федорович, қолқа қақпақшасының ауыр стенозына шалдыққан. Оны жүрек тұсындағы ауырсыну, тыныштықта да пайда болатын жүрек соғысы, ентігу, бас ауруы мазалаған. Ол 1 жыл бұрын ентігу күшейген кезде диагнозын білген. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына еліміздегі жетекші интервенциялық кардиолог Алексей Колесниковқа жүгіну ұсынылған. Операция сәтті өтті.

Жоғары технологиялы медицинаның арқасында Михаил Федорович сияқты күрделі жүрек патологиясы бар пациенттер өмір сүруге мүмкіндік алады және операциядан кейін қысқа мерзімде қалпына келеді.