Ультрадыбыстық диагностика дәрігерінің жұмысы кәсіби шеберлік пен дәлдіктің жоғары деңгейін талап етеді

Ультрадыбыстық диагностика дәрігерінің жұмысы кәсіби шеберлік пен дәлдіктің жоғары деңгейін талап етеді

Ультрадыбыстық диагностика дәрігерінің жұмысы кәсіби шеберлік пен дәлдіктің жоғары деңгейін талап етеді, өйткені пациентті емдеудің одан әрі тактикасы диагностиканың нәтижелеріне байланысты. Ультрадыбыстық диагностика дәрігері алынған мәліметтерді дұрыс түсіндіріп қана қоймай, емдеудің кешенді тәсілін қамтамасыз ету үшін басқа мамандармен тиімді қарым-қатынас жасай алуы керек.

Сәуір айында 2 апта бойы ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері Роза Абдуразакова мен Бақыт Арыспаев Мәскеу қ. ак. Е.Чазов ат. Ұлттық медициналық кардиология зерттеу орталығында «Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларын инвазивті емес диагностикалаудың өзекті мәселелері. Эхокардиография: қарапайымнан күрделіге дейін» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.

Оқыту аясында стресс эхокардиография, өңеш арқылы эхокардиография жүргізіп, MitraСlip, TriСlip операцияларына науқастарды іріктеуге және басқа да зерттеулерге қатысты. Стресс ЭХО-кардиография, өңеш арқылы жасалатын эхокардиография Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да жүргізіледі.

Ак. Е. Чазов ат. Орталықта стресс-эхокардиографияны жүргізу кезінде мамандар мен көмекші персоналға келесі талаптар қойылады: трансторокальды ЭхоКГ жүргізу тәжірибесі бар, стресс-ЭхоКГ мектебінде оқыған, жаттықтырушының бақылауымен кемінде 50-100 зерттеу жүргізетін, жыл сайын кемінде 100 зерттеу жүргізетін және шұғыл көмек көрсету техникасын меңгерген ультрадыбыстық дәрігерлер, кардиолог дәрігерлер қатысады.

Әріптестермен тәжірибе алмасу пациенттерімізге сапалы және білікті көмек алуға мүмкіндік береді.